14
наурыз
2024
Алғашқы қоңырау
Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты "Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
“МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ”
Бүгін, күздің алғашқы күні, “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиынға қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Нурсейтов, зейнеткер ұстаз, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Суттибаев, зейнеткер ұстаз М.Розиметова қатысты.
Мектеп директоры У.Тургумбеков салтанатты жиынды ашып, Білім күнімен барша ұстаздар, ата - аналар мен оқушыларды құттықтап, мектептің жетістіктерін айта отырып, жаңа оқу жылына толағай табыс тіледі. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Нурсейтов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Суттибаев, зейнеткер ұстаз М.Розиметова барша ұстаздар мен оқушыларға табыс тілеп, жеңістердің биік шыңынан көрінулеріне сенім білдірді.
Мерекелік іс-шара әсем әнмен, мың бұралған биімен көрермендерге, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына керемет көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өтілді.
Жаңа оқу жылы құтты, табысты, жемісті болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!