2024-2025 оқу жылы - Алғашқы қоңырау » "Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Түркістан облысының білім басқармасының
Төлеби ауданы білім бөлімінің
«Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (725) 474-22-78
Есепші бөлімі:
+7 (775) 129-73-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2024

2024-2025 оқу жылы - Алғашқы қоңырау

Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты "Әл Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 
? “МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ”
Бүгін, күздің алғашқы күні, “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
? Салтанатты жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, Төлеби ауданының білім бөлімінің әдіскері Ә.Әлімбеков, зейнеткер ұстаз Б.Заурбекова  қатысты.
      Мектеп директоры У.Тургумбеков салтанатты жиынды ашып, Білім күнімен барша ұстаздар, ата - аналар мен оқушыларды құттықтап, мектептің жетістіктерін айта отырып, жаңа оқу жылына толағай табыс тіледі. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев жаңа оқу жылымен баршасын құттықтап, өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып өсуіне, болашақта дұрыс мамандықты таңдап, елінің қалаулы азаматтары болуларына тілектестік білдірді. Төлеби ауданының білім бөлімінің әдіскері Ә.Әлімбеков пен зейнеткер ұстаз Б.Заурбекова барша ұстаздар мен оқушыларға табыс тілеп, жеңістердің биік шыңынан көрінулеріне сенім білдірді.
⚜️ Мерекелік іс-шара әсем әнмен, мың бұралған биімен көрермендерге, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына керемет көңіл-күй сыйлады.
? Салтанатты жиын қуанышты көңілде  өтілді.
? Жаңа оқу жылы құтты, табысты, жемісті болсын! 
Барша ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз!?
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!