12
қыркүйек
2022
ӘШІРБЕКОВА Құралай Асанқызы
ӨМІРБАЯНМен, Аширбекова Куралай Асанқызы, 20-қаңтарда 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, (қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы) Жаңа жол ауылында туылғанмын. Әкем Аширбеков Асан зейнеткер. Анам Ауелбекова Дина Құрманбекқызы мектеп бугалтериясында үздіксіз еңбек еткен зейнеткер. Отбасында алты ұл-қыз өсірген. Мен олардың кенжесімін. Жанұяда үш қыз, үш ұл тәрбиеледі. Барлығы да жоғары білімді. Еліміздің әртарабында өз қызметтерін атқарып келеді.
1989 жылы Жаңа жол орта мектебінде 1-сыныбына бардым. 1989-1999 жылдар аралығында аталмыш мектепті тамамдадым. 2003-2007 жылдары Шымкент қалалық Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ПМНО факультетіне оқуға түстім. 04.07.2007 жылы АЖБ №0005446 дипломын алдым.
Ең алғашқы еңбек жолымды 14.11.2008 жылы №2 бұйрықпен Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты «Әл-Фараби» артындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым. Осы өңірге келін болып түстім. 01.04.2019 жылы № 60 бұйрықпен осы аталған мектепте директордың бейіндік пәндерді оқыту жөніндегі орынбасарлық қызметіне тағайындалдым. 26.08.2020 жылы №93/1 бұйрықпен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауысып, жұмысымды жалғастырдым. 01.09.2021 жылы №104/1 бұйрықпен денсаулығына байланысты бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстырылдым.01.09.2023 жылы №309 бұйрықпен 0,5 жүктемемен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып бекітілдім.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 15 жылды құрайды. Санатым педагог-зерттеуші 09.08.2018 жылы №225. Магистр дипломым бар. 07.06.2022 жылы №00022418226. Осы жылдар ішінде аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде білім нәтижелерім арқылы бірнеше рет мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталдым.
Отбасымда бір ұл,екі қызым бар. Ұлым 10 сынып оқушысы, қызым бала бақшада, кішкентайым 1 жасар.
Жеткен жетістіктерім:
21.05.2021 жылы 11.05-21.05 аралығында 80 сағаттық Білім беруді жаңғырту жағдайындағы көшбасшылық және менеджмент тақырыбында оқыдым.
Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқу бағдарламасын өттім. 2021 ж. Оқу-тәрбие жұмысын басқарудың үздік үлгісін көрсетіп жүрген мектеп директоры орынбасарлары арасында ұйымдастырылған «Үздік орынбасар-2021» атты Республикалық олимпиадаға қатысып марапатталдым.
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Құрмет граматасымен марапатталдым. Басқарма басшысы Р.Жолаев 2020 жылы №1984
Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Аманованың Алғыс хатымен марапатталдым. 2020 жыл тіркеу №7 Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Аманованың «Үздік әдістемелік калейдаскоп» байқауына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 2 орынмен марапатталдым. 2020 жыл тіркеу №14
Түркістан облысының Білім басқарма басшысы Д.Болатханұлының алғыс хатымен марапатталдым. 2023 ж тіркеу нөмірі №2065.