ҚОЖАЕВ Муратали Сатыбалдыұлы
Өмірбаян
Қожаев Муратали Сатыбалдыұлы 1970 жылы 9 тамызда Төлеби ауданы Зағамбар ауылында туылған. Жоғары білімді. Отбасылы. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отыр.
1988 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша 1993 жылы бітірді.
2007-2009 жылы Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы ОҚГУ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша жылы бітірді.
2020-2022 жылы Шымкент университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистр дәрежесін алды.
2021 жылы «Оқушылардың кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша авторлық бағдарламасын Республикалық деңгейде жариялады.
Еңбек жолын 1987 жылы Алишер-Науайы ауылындағы товарлы сүт фермасында жұмысшы болып істеген.
1993 жылдан бастап Киров атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1998 жыл директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2020-2022 жыл директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жыл Жаңажол ЖОМ – де директор болып қызмет атқарды.
2022 жыл «Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасауда..
Жұбайы Қожаева Фарида «Әл-Фараби атындағы ЖОМ-де» бастауыш сынып мұғалімі. Отбасында 3 қыз, бір ұлы бар.