ТОЙЧИЕВ Вахабжан Тахирулы
Өмірбаян
Тойчиев Вахабжан Тахирулы 1980 жылы 26 тамызда Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында дүниге келген.
1987 жылы «Киров» атындағы жалпы орта мектеп табалдырығын аттап, 1997 жылы «Әл- Фараби» атындағы жалпы орта мектепті бітірді.
2000 жылы Халықаралық экология-гуманитарлық академиясына оқуға түсіп, 2004 Қазақ –Өзбек инженерлік –гуманитарлық университетін «Бастауыш сынып» мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп шықты.
2000 жылы «Киров» атындағы жалпы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2004 жылы Қазақстан Халықтар Дотығы университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы қазақ тілі мен әдебиеті білікітілігі және бакалавр академиялық дәрежесін алды.
2008 жылы «Әл-Фараби» атындағы жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап «Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін метебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.