ИСМАИЙЛОВ Хасаняр Бахтиярович
Өмірбаян
Исмайилов Хасаняр Бахтиярович 1981 жылы 20 желтоқсанда Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында дүниге келген.
1987 жылы «Киров» атындағы жалпы орта мектеп табалдырығын аттап, 1998 жылы «Әл- Фараби» атындағы жалпы орта мектепті бітірді.
1998 жылы Халықаралық экология-гуманитарлық академиясына оқуға түсіп, 2003 Қазақ –Өзбек инженерлік –гуманитарлық университетін «Информатика» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп информатик білікітілігін алды.
2000 жылы «Жылан-бұзған» жалпы орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2004 жылы Оңтүтік Қазақстан педагогика университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы Қазақстан Халықтар Дотығы университетінің математика білікітілігі және бакалавр академиялық дәрежесін алды.
2004 жылы «Әл-Фараби» атындағы жалпы орта мектебіне ауысу тәртібімен математика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2014 жылдан бастап «Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін метебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.