ШАКУОВА Гульнар Бимырзақызы
ӨМІРБАЯН
Мен, Шакуова Гульнар Бимырзақызы 18-маусымда 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, (қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы) Бейнеткеш ауылында туылғанмын. Әкем Шакуов Бимырза Шәкуұлы Төлеби ауданының «Құрметті азаматы». Өмірінің соңына дейін туған жерінде ауыл шаруашылығының дамуына аянбай еңбек сіңірген агроном. Анам Шакуова Айжамал Сейітқызы аудан поштасында үздіксіз еңбек еткен зейнеткер. Отбасында сегіз ұл-қыз өсірген. Мен олардың тұңғышымын. Жанұяда үш қыз, бес ұл тәрбиеледі. Барлығы да жоғары білімді. Еліміздің әртарабында өз қызметтерін атқарып келеді.
1975 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы 8 жылдық мектептің 1-сыныбына бардым. Осы мектептің бастауыш сыныбын аяқтап, әкемнің жұмыс орнының ауысуына байланысты Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінде 8-сыныпқа дейін, кейін 1982-жылы Ленгер ауданы, Бірінші мамыр аулының «Бірінші мамыр» орта мектебінде білім алып, 10-сыныпты 1984-жылы үздік тәмамдыдым. 1985 жылы Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің математика факультетіне оқуға түстім. Алайда өмірімдегі оқыс оқиғаға, яғни көлік апатына ұшырауыма байланысты оқуымнан академиялық демалыс алып, одан әрі сырттай бөліміне ауысып, 1994-жылы оқу орнын бітіріп, диплом алдым.
Ең алғашқы еңбек жолымды 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты «Майбұлақ» орта мектебінде еңбек және физика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Осы өңірге келін болып түстім. 1996 жылы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты «Бірінші мамыр» орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстым. Осы мамандықта ұзақ уақыт еңбек етуіме байланысты 2008 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетіне сырттай оқу бөлімінің бастауышта оқыту әдістемесі бойынша оқуға түсіп, оны 2011 жылы тәмамдадым.
2002 жылы осы аталған мектепте директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарлық қызметіне тағайындалдым. 2004 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауысып, жұмысымды жалғастырдым. 2006 жылы Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары болып ауыстым. Ал, 2009 жылы Бейнеткеш аулындағы «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке» директорлық қызметке тағайындалдым.
2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласындағы «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша салынған жаңа «№7 жалпы орта білім беретін мектепке» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. 2011 жылы осы қаладағы «№3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» директоры қызметіне тағайындалдым. 2015 жылдан бері «Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде» педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс жасап келемін.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 34 жылды құрайды. Санатым педагог-зерттеуші. Осы жылдар ішінде аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде білім нәтижелерім арқылы бірнеше рет мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталдым.
Отбасымда үш ұл, үш келінім, бес немерем бар. Бәрі де жоғары білімді.
Үлкен ұлым: Қияқов Нұргелді Жұмағалиұлы 1992 жылы туған. Аламатыдағы Жүргено атындағы мемлекеттік өнер академиясының қолөнер және сурет факультетін бітірді. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер.
Келінім: Серғараева Мөлдір Белдібайқызы 1992 жылы туған. Қостанай қаласындағы педагогикалық университеттің кәсіптік технология мамандығын оқып, бітірді. Ол да қолөнер бұйымдарын жасау бойынша жеке кәсіпкер.
Екінші ұлым: Аманбек Ергелді Жұмағалиұлы 1994 жылы туған. Алматыдағы С.Конев атындағы әскери құрлық әскери институтын тәмамдап, Қызылорда қаласында әскери қызметте істейді.
Келінім: Ыдрыс Шырын Кенжебекқызы 2001 жылы туған. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми математика факультетін тәмамдап, жеке кәсіпке бетбұрып жүр.
Үшінші ұлым: Қияқ Төрегелді Жұмағалиұлы 1996 жылы туған. Шымкент қаласындағы Мирас университетін құқық мамандығы бойынша тәмамдап, бүгінде Ақтау қаласында әскери қызметте істейді.
Кеінім: Ташпулатова Медина Азатбекқызы 1999 жылы туған. Шымкент қаласындағы Мирас университетінің 3 курс студенті.
Жеткен жетістіктерім:
1. 2011 жыл. Алғыс хат: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төлеби аудандық филиалы(«Нұр Отан» ХДП Төлеби аудандық филиалы партияның бағдарламалық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудағы белсенді жұмысы, ауданымыздың қоғамдық-саяси ахуалын нығайтуға қосқан үлесі және оқушыларға білім-тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін).
2. 2012 жыл. Грамота: Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы «білім беру жүйесін жаңарту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында өткен облыстық педагогикалық тамыз кеңесіндегі «Өзін-өзі тану» пәні-мұғалімдерінің» секция отырысында жаңашыл, құнды баяндама жасағаны үшін.
3. 2012 жыл Алғыс хат: Алматы Балалар қоры атынан «Ақ көгершін» өнер байқауына өнерлі балалардың қатысуына ықпалы үшін.
4.2013 жыл. Алғыс хат: Қазақ ұлттық аграрлық университеті Хамзеев Асылбекті үлгілі тәртібі мен үздік оқығаны және көркем мінезді оқушы етіп тәрбиелегені үшін.
5. 2015 жыл. Мадақтама: «Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің білім мен тәрбие саласындағы үздік еңбектері үшін.
6. 2015 жыл. Алғыс хат: Төлеби ауданы, Ленгер қаласының әкімінің Қала күніне орай өткізілген шараға оқушыларды ұйымдастыра білгендігі үшін.
7. 2015 жыл Алғыс хат: Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және білім саласында көп уақыттар бойы жеткіншектерге білім, тәрбие берудегі азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы.
8. 2015 жыл. Алғыс хат: Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерімен өткізілген «Әдістемелік қызметтегі инновациялық тәжірибелер» атты облыстық семинарда оқу-тәрбиелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, шығармашылық жұмысы арқылы білім сапасының артуына қосқан үлесі үшін.
9. 2014 жыл Грамота: Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының білім саласындағы еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін.
10. 2016 жыл. Алғыс хат: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төлеби аудандық филиалы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудағы белсенді жұмысы және аудандық қоғамдық-саяси ахуалын нығайтуға қосқан үлесі үшін.
11. 2016 жыл. Мадақтама: Мектеп директорының Жаңа ғасырыдың сапалы да білімді,сауатты да ұғымды, дарынды да дара оқушы тәрбиелеп, білім беріп «Мәңгілік ел» -идеясын, жалпыұлттық патриоттық тәрбиелеуге негіздеген еңбегі үшін.
12. 2016 жыл. Алғыс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін.
13.2018 жыл Алғыс хат: Мектеп директорының оқушыларды азаматтық парасаты биік, рухани адамгершілік ұстанымы берік тұлға ретінде тәрбиелеу шеберлігі үшін.
14. 2018 жыл. Мадақтама: Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Тәрбие ісінің үздігі» облыстық байқауында «Жаңашыл сынып жетекші» номинациясын иеленгені үшін.
15. 2018 жыл. Мадақтама: Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыс оқушыларының «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінде шәкірттерінің жоғары деңгейде талантымен танылуда зор үлес қосып, сіңірген саналы тәрбиесі үшін.
16. 2019 жыл. Алғыс хат: «Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» білім беру жүйесіндегі белсенді еңбегі үшін.
17. 2019 жыл. Құрмет грамотасы: Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игіліктегі істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін.
18. 2019 жыл. Алғыс хат: Түркістан облысы Төлеби аудандық мәдениет үйінің ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық кодты насихаттай отырып, дарынды балалар мен жасөспірімдерді және шәкірті Өстемір Құралдың шығармашылығына қолдау көрсетіп, ұлттық рухта тәрбиелеп, жас талант иелерін облыстық, аудандық байқауларға қатыстырып, ән таңдауына үлесін қосқаны үшін.
19. 2020 жыл. Диплом: «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушысы Жорабек Асылзат сурет байқауы бойынша марпатталды.
20. 2020 жыл. Диплом: Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында өткізілген VІ республикалық «Дарабоз» байқауына үздік шәкірт дайындаған үшін.
21. 2020 жыл. Төсбелгі: «Атадан-мұра» қоғамдық қорының Қазақстан республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін .
22. 2020 жыл. Мадақтама: Түркістан облысының әдістемелік орталығының «Әбу насыр әл-Фараби-шығыстың ұлы ойшылы» тақырыбындағы облыстық практикалық конференцияда озық идеясымен және тәжірибесімен бөліскені үшін.
23. 2020 жыл. Диплом: «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қараша айында өткен Республикалық «Өзін-өзі тану» Блиц-турнирінің 2-орын жеңімпазы атанғаны үшін.
24. 2020 жыл. Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Өзін-өзі тану пәні: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінде жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін.
25. 2020 жыл. Диплом: Республикалық «Өрлеу» порталының Ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай- дана, Абай-дара қазақта»-шығармашылық байқауында өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқуда озат табысқа жеткені үшін оқушы Нематилла Белнора марапатталды.
26. 2020 жыл. Диплом: Республикалық «Өрлеу» порталының Ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай- дана, Абай-дара қазақта»-шығармашылық байқауында өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқуда озат табысқа жеткені үшін оқушы Керім Самал марапатталды.
27. 2020 жыл. Құрмет грамотасы: Республикалық «Өрлеу» порталының Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жан-жақты тұлға қалыптастырудағы табыстары үшін.
28. 2021 жыл. Мадақтама: әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің Білім беру саласында мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласа отырып, білім мен тәрбие беруде сіңірген еңбегі үшін.
29. 2021 жыл. Диплом: Қазақстан педагогикалық академиясы президентінің жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында өткізілген олимпиадада 1-орында иеленгені үшін.
30. 2020 жыл. Мадақтама: Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Өзін-өзі тану-сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» бойынша «Адамгершілік пен руханилықтың хрустальді көктемі» оқушылар арасындағы шығармашылық байқауында 1-орынды иеленгені үшін оқушы Орынбек Хушярбек марапатталды.
31. 2021 жыл. Диплом: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының «Өзін-өзі тану- шығармашылық және махаббат педагогикасы» ақпараттық компаниясының іс-шаралары негізінде облыстық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Адамгершілік пен руханилықтың хрустальді көктемі» тақырыбындағы суреттер байқауында оқушы Орынбек Хушярбектің 1-орынды иеленгені үшін.
32. 2020 жыл. Диплом: www.tdulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайты Өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасында 2-дәрежелі жүлдеге ие болғаным үшін.
33. 2020 жыл. Благодарственное письмо: Общественый Фонд «Международная Академия Наук Экологий, Инженерий и Педагогики» за участие в Международной августовской педагогической онлайн-конференций.
34. 2021 жыл. Алғыс хат: әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің білім мен тәрбие беру саласындағы үздік еңбектері үшін.
35. 2021 жыл. Алғыс хат: Төлеби ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің Еліміздің даму мен өркендеуі жолында оқу-тәрбие саласында ұзақ жылдар бойы еңбек ете жүріп, ұстаз тұлғасын биіктетіп, әрдайым адалдық танытып, өнегелі еңбек жолында жасөспірімдерге білім мен тәрбиені, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат қалыптастырудағы еңбегі үшін.
36. 2021 жыл. Алғыс хат: Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліімі мен Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің ұзақ жылғы еңбектеріңіз бен келешек жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге зор үлесін қосып, саяси қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін.
37. 2021 жыл. Алғыс хат: Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімдігінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы ретінде еліміздің тәуелсіз ел атануына, дамуына өзіндік үлкен үлесіңізді қосып, бар күш-жігеріңізді жұмсап жүргені үшін.
38. 2022 жыл. Алғыс: әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектептің дамуына, оқу мен тәрбие жұмыстарының жүзеге асуына сүбелі үлес қосып, оқушы бойына ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымызды дарыта білгені үшін.
39. 2022 жыл. Диплом: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған ІІ Республикалық «Жаңа Қазақстан-2022» байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша 1-орынды иеленгені үшін.
40. 2022 жыл. Диплом: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған Республикалық «Мәртебелі педагог-2022» шығармашылық байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша 1-орынды иеленгені үшін.
41. 2022 жыл. Диплом: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қазақтың көрнекті жазушысы, академик, драматург, ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Қазақстанның білім беру саласы: өзекті мәселелер және жаңа көзқарастар» атты І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін.
42. 2022 жыл. Диплом: «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының Халықаралық Өзін-өзі тану пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасының 3-дәрежелі жеңімпазы болғаны үшін.
43. 2022 жыл. Диплом: Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен өткен білім саласының үздік қызметкерлері арасында «Педагогика –менің таңдауым» атты байқауда белсенділік танытып, жұмыстары үздік деп танылып, 1-орынды иеленгені үшін.
44. 2022 жыл. Диплом: Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларының білімін тексеру мақсатында өткен қазақ тілі пәнінен республикалық интеллектуалды олимпиадада 2-орынды иеленгені үшін оқушы Көркемжан Бимырза марапатталды.
45. 2022 жыл. Диплом: Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңашыл ұстаз» атты білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауда өзінің үздік жұмысымен, шығармашылық қабілетімен көзге түскен, қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға ықпал жасап, байқауда белсенділік танытып, үздік шыққаны үшін.
46. 2022 жыл. Диплом: «Жарқын» республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен, білім саласы қызметкерлерінің арасында өткен «Парасатты педагог» атты байқауында белсенділік танытып, сапалы білім беруде атқарып жүрген еңбегі мен жұмыстары үздік деп танылып 1-орынды иеленгені үшін.