ШАЛБОСЫНОВ Жансерік Шыныбекұлы » "Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Түркістан облысының білім басқармасының
Төлеби ауданы білім бөлімінің
«Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (725) 474-22-78
Есепші бөлімі:
+7 (775) 129-73-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қыркүйек
2022

ШАЛБОСЫНОВ Жансерік Шыныбекұлы

Өмірбаян

   Мен, Шалбосынов Жансерік Шыныбекұлы 1991жылы 26 мамырда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зағамбар ауылында дүниеге келдім. 1997 жылы Киров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебін 2008 жылы жақсы тәмәмдап, Шымкент қаласындағы Шымкент университетіне «География» мамандығына бойынша оқуға  түсіп, бітіріп шықтым. Ал 2015 жылы Шымкент университетіне «Екі шет тілі» мамандығы бойынша түсіп, 2017 жылы бітіріп, аталған 2017 жылы Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.  2020 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Сол жылдан бастап осы қызметті атқарып келемін. Облыстық, аудандық түрлі іс – шараларға қатысып, оқу – тәрбие жұмыстары бойынша ұстаздар мен оқушылардың жан – жақты дамуына бірлесе жұмыс атқарып келемін.

     Отбасым: Әкем Шалбосынов Шыныбек Сапарұлы, үлгілі әке, күзет қызметтерін атқарған,зейнеткер. Анам Шалбосынова Гүлсім Әбішқызы аяулы ана, 40 жыл ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, зейнеткер. Әпкелерім Амалбекова Гулзира Шыныбекқызы  мен Шалбосынова Индира Шыныбекқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Білім жолында қызмет етіп келеді. Ағам Шалбосынов Жансерік Шыныбекұлы күзет қызметінде жұмыс атқаруда.

Отбасылық жағдайым: үйленгенмін, әйелім, бір ұлым бар. 

Менің өмірлік ұстанымым: Ата – ананың парызын, Өтеу - менің қарызым!

Похожие публикации: