ТАНИРБЕРГЕНОВА Айнур Токтасынқызы » "Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Түркістан облысының білім басқармасының
Төлеби ауданы білім бөлімінің
«Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (725) 474-22-78
Есепші бөлімі:
+7 (775) 129-73-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
тамыз
2022

ТАНИРБЕРГЕНОВА Айнур Токтасынқызы

Өмірбаян

    Танирбергенова Айнур Токтасынқызы, 1982 жылы 13 желтоқсанда Отырар ауданы, Жаңа Шілік ауылында дүниеге келген. Мектеп Табалдырығын 1990 жылы аттап, 2000 ж. Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектепті бітірген.

    2014  жылы Шымкент университетінде бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша аяқтап, «Дильмурат ата» бала бақшасында тәрбиеші қызметін бастады.

    2020 жылы 2 наурыздан Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагог қызметін атқарып келеді.

  А.Танирбергенова мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқару барысында мектептегі әлеуметтік статусқа ие оқушылардың тұрмыс жағдайымен жеке-жеке танысып, әлеуметтік статустағы оқушыларға көмек көрсету кезіндегі жан-жақты ізденгіштігі  мен ата-аналармен тіл табыса білуі жағынан да оның білікті педагог екені айқындала түседі. Айнур білім мен тәрбие саласында жүрген білікті әлеуметтік педагог ғана емес, сонымен бірге ибалы келін, аяулы жар және бес баланың анасы.